Хоккейден қарағандылық «Сарыарқаның» бас бапкері Евгений Зиновьев жұмыс орнын босатты, деп хабарлайды команданың ресми сайты.

Михаил Пикалов уақытша бас бапкердің қызметін орындайды. Пиклов бұның алдында «Сарыарқа» ХК-ның фарм клубы «Беркут»  командасының бас бапкері болған.