Кеше біріншіліктің екі мықты командалары ПАОК пен АЕК арасында тартысты матч өтіп жатқан. Төреші Гиоргос Коминос 90-минутта соғылған голды санамай қойды. Артынша Саввиди тапаншасын ұстап алаңға жүгіріп шықты.
Грекия чемпионатының тәртіп кодексі бойынша арбитрге қоқан-лоқы көрсеткені үшін 50 мың еуро көлемінде айыппұл салынады. Сондай-ақ, команда төменгі дивизионға сырғуы мүмкін.