Футболдан жастар арасындағы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Қазақстан сырт алаңда Армениядан басым түсті.

Кездесу алдында бас бапкерсіз қалған біздің жастар құрамамыз Андрей Ферапонтовтың жетекшілігімен Армяндардан үш ұпай олжалады.

Арменияда өткен кездесу тартысты өрбіді. Қос ұжым бір-бірінің қақпасына бірталай соққы жасап үлгерді. 31-ші минутта «Шахтердың» шабуылшысы Роман Мұртазаев қонақтарды алға шығарды. Алаң қожайындары үзілістен кейін Давид Акопяның көмегімен қарымта голды қайтарып есепті теңестірді. Дегенмен 72-ші минутта Абзал Бейсебеков баспен гол соғып есепті қорытындылады. Жалпы есеп 2:1. Қазақстан жеңіске жетті.Қазақстан осы іріктеу кезеңі аясында 6 ұпай жинады.  Жастар құрамамыз топтағы соңғы орыннан көтеріліп Белорусь пен Армения командаларын озып үшінші орында жайғасты.Футбол. Еуропа чемпионатына іріктеу кезең (U-21)Армения - Қазақстан - 1:2 (0:1)

Армения U-21 — Қазақстан U-21 1:2 (0:1)Голдар: Мұртазаев, 31 (0:1), Акопян, 48 (1:1), Бейсебеков, 72 (1:2)Ескерту алғандар: Мурадян 82, Адамян 85, Н. Минасян 85 — Куат 11, Левин 85, Сартаков 93Армения U-21: Манукян, А. Оганесян, Г. Оганесян, В. Минасян (Н. Минасян, 83), Погосян (Сардарян, 74), Малакян (Айвазян, 78), Папикян, Восканян, Мурадян, Акопян, АдамянҚазақстан U-21: Покатилов, Сартақов, Қожабаев, Пасечник, Бейсебеков (Бегалин, 86), Левин, Қуат, Ульшин (Пикалкин, 90), Аяғанов, Калинин, Мұртазаев (Ли, 68)