«Барселона» командасы бразилиялық жартылай қорғаушы А́ртур Энри́ке Ра́мос ди Оливе́йра Ме́ло немесе қысқаша Артурды сатып алғанын ресми мәлімдеді.

21 жастағы жас талант Бразилияның «Гремио» командасының ойыншысы. Оның ерекшелігі, отандастары Каземиро немесе Паулиньо секілді мығым денелі, күшті тіреуші қорғаушы емес. Қайта Испанияның аңыз ойыншысы Хави секілді бойы аласа, зерек жартылай қорғаушы. Католониялық клубты ең қызықтырғаны Артурдың осы қасиеті болса керек. Орталық алаңның патшасы Хавиді әлі ұмыта алмай жүрген «Барселона» үшін бұл жерден жеті қоян тапқандай қуаныш болатын.

Артурды сатып алу үшін каталониялықтар «Гремио» командасына 30 миллион еуро төлейді. Бұған қоса тағы 9 млн қосымша қаражаттар бар. Сонымен, «Барселонаның» жаңа ойыншысының құны 39 млн болып отыр. Ол енді жаңа командасының қатарына шілденің бірі күні қосылатын болады.