Андрей Голубев пен Михаил Кукушкин «Кремль Кубогының» іріктеу кезеңінде сүрінбей өтіп, ақтық кезеңге шықты.

Іріктеу кезеңнің финалдық кездесулерінде Голубев чехиялық қарсыласы Ян Мертлдан басым түсті. Жалпы есеп– 6:3, 6:2.

Ал Кукушкин ресейлік қарсыласы Константин Кравчукты жеңді. Қорытынды есеп – 6:1, 6:3.