«Кайрат» футзал клубы ЦСКА-мен өткен жолдастық кездесуде ірі есеппен жеңіске жетті.

Бастапқыда бұл ойын жас өрендерге өзін-өзі көрсетуге мүмкіндік беру мақсатында жоспарланған. Аслан Смақов, Тимур Мырзабаев, Бекет Парух пен Әмір Балтабаевтар ойынның көп бөлігін алаңда өткізіп сенімді жеңіске жетті.

Есепті алматылықтардың жас ойыншысы Смақов ашты. Кейінірек Пенгрин атына бір гол жазды.

Какау ойыншыларды жиі алмасытырп барлығының өнерін сынауға тырысқан. Екінші тайм бастала салысымен қонақтар есепті қысқартпақ еді, Серік Жаманқұлов қорғанысқа дер кезінде қайтып допты қайтарды. ЦСКА ойыншыларының тағы бірнеше жақсы мүмкіндіктерін мүлт жіберіп алды. Мұндайды кешірмейтін «Қайрат» Алешандре мен Пенгриннің арқасында тағы алға шықты.

Ойын қыза бастады, қос командананың ойыншылары ережені жиі бұзды. Қудайберген он метр қашықтықтан қақпаны дәл көздеді. Серік Жаманқұлов жойқын соққымен жауап қайтарды - 5:1. Артынша командалар бір голдан соғып ойынды қорытындылады.