Францияның «Тур» жасөспірімдер командасының 18 жастағы футболшысы Тома Родригес ұйықтап жатқан жерінде көз жұмған. Бұл туралы клуб сайтында хабарланды деп жазады Nur.kz сайтына сілтеме жасаған Prosports.kz.

Спортшы 8 наурыздан 9-на қараған түні қайтыс болған. Ол өз үйінде өлі күйінде табылған. Родригестің нақты неден қайтыс болғаны туралы ресми дерек жоқ. Алайда 9 наурызға жоспарланған "Тур" және Валансьен" командалары арасында өтетін кездесу кейінге шегерілген.