Футболдан Қызылорданың «Қайсар» командасы келер жылы премьер-лигада ойнайды. 

«Қайсар» биылғы бірінші лиганың аяқталуына үш тур қалғанда барлық мәселені шешіп тастады. Соңғы кездесуде «Оқжетпес» командасын жеңді. «Қайсар» қазір екінші орында келе жатқан «Каспий» клубынан тоғыз ұпайға алда келе жатыр. Соңғы үш турда «Каспий» «Қайсарды» қуып жетсе де, қызылордалықтар жеке кездесулердің көрсеткішімен  бірінші орынды сақтап қалмақ.