Футболдан Испания чемпионатының 28-туры аясында өткен «Эйбар» мен «Реал» арасындағы кездесуде қонақтар жеңіске жетті. Жеңіске жеткен команда қатарында екі голды да Роналду соқты.

«Эйбар» - «Реал» - 1:2 (0:1)Голдар: Рамис 50 — Роналду 34, 84.

«Эйбар»: Дмитрович, Рамис (Паулу Оливейра 67), Хосе Анхель, Капа, Арбилья, Дани Гарсия, Эскаланте (Диоп 85), Жордан, Леон, Инуи (Шарлес 87), Кике.

«Реал»: Навас, Варан (Начо 28), Марсело, Карвахаль, Рамос, Иско (Васкес 71), Каземиро, Кроос (Бензема 71), Модрич, Бэйл, Роналду.

Ескерту алғандар: Бэйл 30, Рамос 45