Алматыда өтетін бокстан әлем чемпионатының жеребесі тартылды. Қазақ боксшыларының алғашқы қарсыластары да белгілі болды.

49 келіде. Біржан Жақыпов бірінші раундта демалады. Ол екінші раундта Кудряков (Украина)-Галанов (Ресей) жұбының жеңімпазымен кездеседі.

52 келіде. Ілияс Сүлейменов екінші раундта Молони (Австралия)-Паттиараччи (Шри Ланка) жұбының жеңімпазымен шаршы алаңға шығады.

56 келіде. Қайрат Ералиев  Лалли (Канада) — Андрейана (Румыния) жұбында жеңіске жеткен боксшымен кездеседі.

60 келіде. Берік Абдрахманов бірінші кездесуін де Ла Роса (Пуэрто Рико) — Гогатишвили (Грузия) жұбында жеңіске жеткенмен өткізеді.

64 келіде. Мерей Ақшалов Джош Тэйлор (Шотландия)-Акиел Оутром (Тринидад Тобого) жұбында жеңген боксшымен алғашқы кездесуіне шығады.

69 келіде. Данияр Елеусінов екінші раундта Хилд (Bахрейн) — Бенсон (Шотландия) жұбының жеңімпазымен кездеседі.

75 келіде. Жәнібек Әлімханұлы екінші раундта (Ямайка) — Мигитинов (Әзірбайжан) жұбымен жұдырықтасады.

81 келіде. Әділбек Ниязымбетов бірінші раундта бос, екінші раундта Махаржан (Непал)-Хукканнен (Финляндия) жұбында жеңіске жеткен боксшымен шаршы алаңға шықпақ.

91 келіде. Антон Пинчук Сцелло (Венгрия) — Абухамада (Марокко) жұбының жеңгенімен алғашқы жекпе жегін өткізеді.

+91 келіде. Иван Дычко екінші айналымда Беганович (Черногория) — Бернат (Венгрия) жұбымен жүздеседі.