Михаил Кукушкин мен Андрей Голубев Мәскеудегі «Кремль Кубогының» іріктеу кезеңі аясында финалға шықты.

Кукушкин тартысты кездесуде ресейлік қарсыласы Михаил Бирюковтан асып түсті. Жалпы есеп— 7:6 (7:5), 7:5.

Голубев ресейлік Денис Мацукевичтан басым түсті. Қорытынды есеп - 6:0, 6:1.