Әуесқой триатлон Федерацисының президенті Мұратхан Тоқмади түрмеден бекер қашқанын айтты.

Қылмыскер өз әрекетіне өкінетінін әлеуметтік желіде тарап кеткен видеодан байқауға болады.

«Мен Мұратхан Тоқмади, жағдайым жақсы, денсаулығыма шағым айтпаймын. Әбілязовтың тапсырысы бойынша 2004 жылы Ержан Тәтішевті өлтіру фактісі бойынша қылмыстық жауапқа тартылдым. Сотта растағанымдай, өз кінәмді мойындаймын. 8 наурызда қашып кетейін дедім. Алайда құқық қорғау органдарының қызметкерлері мені ұстап, тергеу изоляторына қамады», - деді Тоқмади.

Қазіргі кезде айыпталушының қашуына ықпал еткен жағдайлар мен себептер анықталуда.