Финляндияның Контиолахти қаласында өтіп жатқан биатлоннан Әлем кубогында әйелдер арасында спринт жарысы мәресіне жетті.

Бірінші орынды беларусьтік Дарья Домрачева жеңіп алды. Ал неміс Франциска Хильдебранд екінші орынды иеленді. Үздік үштікті италиялық Лиза Витоцци түйіндеді.

Қазақстандық Галина Вишневская жарыс жолын 25-ші болып аяқтады. Басқа қазақстандық биатлоншылардың нәтижелері: Алина Райкова – 31-ші орын, Дарья Климина — 64-ші, Елизавета Бельченко — 88-ші.