«Қайрат» футбол клубы өзінің ресми сайтында Алматыда бой көтеретін жаңа оқу-жаттығу базасының жоба-жоспарын көрсетті.

Алматының шетінде орналасатын заманауи жаттығу орны 12 гектар жерді алады. Мұнда негізгі құрам ойыншыларымен қатар дубльде өнер көрсететін жас жеткіншектер де жаттығады.

Жаттығу базасында екі табиғи шөбі бар үш алаң және жасанды екі стадион салынады. Сондай-ақ футболшылар жаттығудан қол үзбеу үшін шетелден жаңа құралғылар сатып алынады. Ауа температурасын бір қалыпта ұстау үшін арналған технологиялар қысы-жазы доп тебуге мүмкіндік береді.

Жаттығудан тыс уақытта футболшылар демалып тынығу үшін мұнда бассейн, монша, конференц-залдар мен треножорлық бөлмелер салынады. Соымен қатар «Қайраттың» өз медециналық орталығы болады.

Құрылыс нысаны келесі жылы, «Қайраттың» 60-жылдық мерей тойына орай қолданысқа беріледі.