Ақтаулық «Кәспи» мен «Атырау барыстары» Балтық лигасы аясындағы кездесулерін өткізді.

Ригада матч өткізген «Кәспи» жергілікті «Баронс Кварталс»-тан басым түсіті. Жерлестеріміз әсіресе ойынның үшінші бөлігін тамаша өткізді.

«Баронс Кварталс» (Рига, Латвия) – «Кәспи» (Ақтау) 81:89 (22:28, 18:10, 18:28, 23:23)

«Кәспи»: Воейков (24), Матюкевич (17, 11 подборов), Михеев (15), Нейсбит (14), Ричард (7), Акулич (6), Щербак (4), Эрнс Улуу (2).

Ал «Атырау Барыстары» литвалық «Невежис» командасына жол беріп қойды. Ойын соңына таман есеп айырмасы 25 ұпайға жетті.

«Невежис» (Кедайнай, Литва) – «Барсы Атырау» 87:62 (19:21, 19:11, 19:14, 30:16)

«Атырау барыстары»: Евстигнеев (16), Струпович (11), Исаков (9), Зелионис (9), Смирнов (5), Каллахан (4), Савченко (4), Гаврилов (4).