Лас-Вегас қаласында өткен бокс кешінде Тимоти Брэдли чемпиондық атағын қорғап төрешілердің шешімімен Хуан Мануэл Маркестан басым түсті

Жекпе-жек тартысты өткенімен төрешілерге бұл күні оңай болмады. Тимоти көбірек соққы жасап, төрешілердің шешімімен чемпиондық атағын қорғай алды. Екі төреші жеңісті 116-112, 115-113 есебімен Тимотиға берсе, бір төреші  115-113 – есеппен жеңісті Маркеске берді.

12 қазан 2013 жыл., «Thomas & Mack Center», Лас-Вегас, АҚШ. Жартылай орта салмақтағы WBO тұжырымы бойынша әлем чемпиона атағына жекпе-жек (66,7 келі)

Тимоти «Desert Storm» Брэдли (31-0-0, 12 KO) - W (SD) 12 - Хуан Мануэль «Dinamita» Маркес (55-7-1, 40 KO)