«Барыс» пен  қазандық «Ақ Барстың» бас бапкерлері Ари-Пекка Селин мен Валерий Белов кездесу аяқталған сон матч жайлы ой-пікірлерімен бөлісті. 

«Ақ Барстың» бас бапкері Валерий Белов:

– Кездесуге көңілім толды. Ең маңыздысы бірде-бір ойыншымыз ойын тізгенін  қолынан жібермеді. Константин Барулин керемет ойын өткізді. Бар мүмкіндіктеріміз орындап, қорғаныста жақсы ойнай білдік.

– «Ақ Барстың» бұл маусымға қойған мақсаты қандай?

– Құрамада біраз өзгеріске қарамастан, мақсаттарымыз бұрынғыдай.

«Барыстың» бас бапкері Ари-Пекка Селин:

– «Ақ Барс» командасын жеңіспен құттықтаймын. Бірқалыпты жақсы ойын көрсетті. Гол соғатын біраз мүмкіндіктеріміз болды, алайда өкініше қарай соға алмадық.

– Ари Ахонен шайбаларды қақпа алдына көп қайтарды, соңын әсерінде қазандықтар бізге үш шайба соғып үлгерді...

– Ия, барлық голдар қақпашы қайтарған соққыдан кейін соғылды. Дегенмен жеңілсек те, жеңсек те барлығына командамен жауап беріміз. Біз бір командамыз. Сондықтан да бұнда қақпашының еш кінәсі жоқ.