Астаналық «Барыс» Қазанның «Ақ барысымен» кездесіп, тас-талқан болып ұтылып қалды.

Ойын тартысты басталды. Әуелі қазандықтар шайба соғуға жақын болған. Бірақ, «Барыс» сауатты қорғанды. Бірінші тайм ортасынан ауа астаналықтар ойын тізгінін қолына алып, «Ақ барыс» қақпасына бірнеше қауіпті соққы жасады. Дегенмен, кездесудің 18-минутында қазандықтар алға шықты. Шайба авторы – Янне Песонен.

Екінші тайм бастала сала «Ақ барыс» тағы бір шайба соғып кетті. Бұл жолы Варнаков мергендігімен танылды. 36-минутта Винцоур «Барыс» қақпасына үшінші шайбаны соқты. Үшінші таймның 7-минутында қазандық Алексей Терещенко таблодағы көрсеткішті ірі есепке жеткізді. Осы орайда, астаналық қорғаушының Терещенкоға «сыйлық» жасағанын айта кету керек. Евгений Медведев «Ақ барыстың» 5-ші голын соқты. Қалған уақытта шайба соғу мүмкін болмады. Қорытынды «Ақ барыстың» пайдасына есеп 0:5.

«Барыс» (Астана) – «Ақ Барс» (Қазан) – 0:5 (0:1, 0:2, 0:2)

0:1 – Песонен (Никулин, Петров) – 18:050:2 – Варнаков (Захарчук, Бурмистров) – 22:130:3 – Винцоур (Бурмистров, Панин) – 36:360:4 – Терещенко (Петров) – 46:400:5 – Медведев (Стэплтон, Бурмистров) – 50:36, в большинстве

Қақпашылар: Ахонен (Полуэктов, 36:36 — 60:00) – Барулин