Шетелдік БАҚ таратқан ақпаратқа сенсек «Порту» қақпашысы Икер Касильяс спорттық мансабын Англия жерінде жалғастыруы мүмкін.

Испандық ардагер ойыншыға «Ньюкасл» клубы қызығып отыр. 36 жасар қақпашының португалиялық клубпен келісімі маусым соңында аяқталады.