Халықаралық бокс федерациясы (IBF) жаңартылған рейтингісін жариялады. Қазақстандық өкілі Қанат Ислам бірінші орта салмақта үшінші орында қалды. Ал Жанқош Тұраров жартылай орта салмақта бір сатыға жоғарылады – енді ол 11-ші орында тұр. Мансабын аяқтаған Жанат Жақиянов та бұл рейтингіден әлі шықпаған. Ол аса жеңіл салмақта 14-ші орында келеді.