Мэнни Пакьяо өзінің келесі жекпе-жегін 24 маусымда өткізеді.

Куала-Лумпурда (Малайзия) өтетін келесі кездесуінде ол Дэнни Гарсия немесе Лукас Матисспен жұдырықтасуы ықтимал.

«Келесі қарсыласым Гарсия болады деп ойлаймын. Бірақ WBA чемпионы Матисспен жекпе-жек өткізу мүмкіндігім жоғары», - деді Пакьяо журналистерге.