Мадридтік «Реалдың» ойыншысы Гарет Бэйлға жақын арада ота жасалуы мүмкін, деп хабарлайды испан баспасөз өкілдері.
 
Уэльстік футболшының омыртқасына аздап ісік шығыпты. «Реалдың» дәрігерлері бұл жарақатты ойыншының командаға қосылған кезінде-ақ анықтаған еді. 
 
Бэйл ауруды сезінбесе де, жақын арада ота жасалуы әбден мүмкін.