Қазіргі таңда футболдан 2014 жылы Бразилияда өтетін әлем біріншілігіне қатысатын 14 команда белгілі болды. 
 
Еуропадан Италия, Голландия, Бельгия, Германия мен Швейцария құрамалары жолдама алып үлгерсе, Оңтүстік Америкадан Аргентина мен Колумбия мемлекеттері шықты. Әлем біріншілігіне Азия құрлығынан Иран, Оңтүстік Корея, Жапония мен Австралия құрамалары аттанса, КОНКАКАФ-тан АҚШ пен Коста Рика құрамалары әлем біріншілігіне жолдама алды.  Бразилия құрамасы қожайын ретінде іріктеу кезеңнен босатылып, ақтық кезеңге бірден дайындалуда.  
 
Әлем чемпионатына қатысу мүмкіндігін беретін тағы 18 лицензия сарапқа салынуда.