Кешегі ойынға Ларс Ольсеннің көңілі толмады. Фарер аралдарының бас бапкері баспасөз маслихатында матчты ұтуға тиіс болғандықтарын жеткізді.
 
- Матч ұнады ма сізге?
- Екі ұпайдан айрылғанымызға көңілім толмай отыр. Жақсы ойнадық, гол соғатын көптеген мүмкіндіктеріміз болды. Жеңуге біз лайықты едік. Бүгінгі матчпен салыстырғанда Астанадағы ойында Қазақстан құрамасы мықтырақ көрінген. Жанкүйерлерімізді қуантуға тырысып бақтық. Алайда сәттілік жетпеді.  
 
- Қазақстанды келесі іріктеу кезеңде не күтеді, қалай ойлайсыз?
- Жауап беру қиын. Топтағы қарсыластарына байланысты.