Ұлттық құраманың бас бапкері Мирослав Беранек Фарер аралдарымен өткен кездесу соңынан сұхбат берді.
 
- Мирослав, нәтижеге ризасыз ба?
 
- Ия, ұтылып тұрып есепті теңестірдік. Бұл ойыншыларымыздың қайсар мінезділігін аңғартады. Фарер аралдары мықты ойнады. 
 
- Үзіліс кезінде ойыншыларға қандай нұсқау бердіңіз?
 
- Өздеріңіз көргендей, қақпамызға гол жойқы соққыдан кірді. Осы тұста жігіттерді жігерлендіру керек болды. Астанада дәл осындай жағдай болғанын естеріне түсіріп, шабуылда еркін ойнап нәтиже шығаруды нұсқадым.  
 
 
- Құрама ойынына көніліңіз толады ма?
 
- Ойыншыларды ешқашан сынамаймын. Қай ойыншы қателік жібергенін өзім білем, ойын соңында сол қателіктерін өздеріне жеткіздім. 
 
- Кешегі ойынды іріктеу кезеңдегі ең нашарға балауға болады ма?
 
- Олай айтпас едім. Бұл сырт алаңда еншілеген алғашқы ұпайымыз. Фарерді өзге мықты құрамалар секілді 4:0 есебімен ұтатын деңгейге жеткен жоқпыз.
 
- Марк Гурманның ойынына баға берсеңіз...
 
- Жақсы ойын көрсетті, алаңдағы үздік ойыншылардың бірі болды.
 
- Қайрат Нұрдәулетовтың жоқтығы өз әсерін тигізді ме?
 
- Футболдан бұндай жиі болып тұрады. Астанадағы кездесумен салыстырғанда бүгін бізде жаңа қорғаушылар көп болды. Фарермен өткен ойынды ұмытайық. Ертен Ирландияға аттанамыз. Алексей Мулдаров кездесуде кішігірім жарақат алып қалды. Дублинда табиғи шөпте ойнамыз. Қазір біраз демалып, дайындықты бастаймыз.