Қазақстандық теннисші Александр Бублик Американың Индиан-Уэллс қаласында өтіп жатқан ATP турнирінің ірітеу кезеңінің екінші айналымына жолдама алды.

Александр алғашқы айналымда америкалық Кевин Кингді 6:2, 6:4 есебімен жеңді. Кездесу бір сағат 14 минутқа созылды.

Екінші айналымда отандасымыз тағы бір жергілікті теннисші Митчелл Крюгермен кездеседі.