Италияның «Фиорентина» мен «Кальяри» клубтары жақында ғана өмірден озған Давиде Асторидің ойын нөмірін енді қолданбайды.

«Давиде Асториге құрметімізді көрсетіп, оның ізін енді ұмытпас үшін «Фиорентина» мен «Кальяри» 13 нөмірлі жейдені қолданыстан алып тастады», - деп жазды клубтар.

Айта кетейік, Астори 2008-2016 жылдар арасында «Кальяриде» ойнаған. Кейін «Фиорентинаға» ауысып, 2017 жылы команда капитаны атанды. Ал 4 наурызда футболшы қонақүйде қайтыс болды.