4 наурыз күні №68 мектепте «Мектеп лигасы-2018» турнирінің кезекті туры өтті. 8-ші турда №22 ОМ, №28 ОМ, «Сымбат» ЖМ, №66 ОМ, Орталық стадион, №35 ОМ, ОБЖОРМ және №39 мектептер кездесті. Қалалық мектепте тартысқа толы төрт ойын өтті.

Естеріңізге саламыз, Ақтөбе қаласында жуырда 1-ші мен 4 –ші сынып оқушылары арасында футболдан «Мектеп лигасы» жобасы басталған болатын. Жобаға қаламыздың бірнеше компаниялары балалар футболына қолдау білдіріп, демеу көрсетіп жатыр.

«Мектеп лигасы – 2018» турнирінің демеушілері:

«Дәру» клиникасы – Елеуов Ғалымжан Алмасбекұлы

«Транс Телеком Связь» - Исергужин Тулеген Какимжанұлы

«Акватория – Актобе» - Шрамко Дмитрий Иванович

«БаБәк – құрылыс» - Азизов Рахиб Хазаирович

«Евразия Снаб» - Каленов Ильяс Жолдыбайұлы

«Цесна банк» - Утетлеуова Айгуль Талапбергенқызы

№39 орта мектеп оқушысы Қанатбаев Тәкежанның анасы:

-Менің балам төрт жылдан бері «Ақтөбенің» балалар тобына қатысып жүр. Бірақ қазір балам өз мектебінің атынан ойнап жатыр. Ойындарға келіп тұрамын. Балама ұнайды, футболға деген қызығушылығы өте жоғары. Балалар арасындағы жарыс оқушылардың жексенбі күнгі бос уақытын тиімді пайдалануға өте ыңғайлы. Мен болашақта баламның «Ақтөбеде» және Қазақстан құрамасындай ойнағанын қалаймын.

№39 мектеп оқушысы Сахидолланың атасы:

-Менің немерем осы мектепте футболмен айналысып жүр. Нәтижелері жақсы. Мектеп мұғалімдеріне көп-көп рақметімді айтам. Осы балаларды баулап, осындай жарыстарға қатыстырып жатыр. Жарысқа демеушілік көрсетіп жатқан «Цесна Банкқа» алғысымды айтамын. «Цесна Банк» оқушыларға ойын жейдесін алып беріп, балалар футболының дамуына ат салысып жатыр. Еліміздің футболы дами берсін. Немерем мектептен босаса футболға келеді. Үйде тек компьютер, теледидар көре берме й, спортпен шұғылданғандары өте жақсы.

«Ақтөбе» ФК баспасөз-қызметі.