«Қайрат» командасының қорғаушысы Тимур Рудосельский талдықорғандық «Жетісуға» ауысады, деп жазады отандық басылымдар.22 жастағы футболшы өте ерте көзге түсіп, мамандардың жақсы бағасын алды. Қазақстан жастар құрамасында тұрақты өнер көрсетті. Вайсс бапкердің кезінде алматылық команда сапында да сәтті өнер көрсетіп жүрді. Осы аралықта «Қайрат» сапында 60 матчта алаңға шыққан.Алайда алған ауыр жарақаты жас ойыншыға кері әсерін тигізді. Жарақаты жазылғанымен, бұрынғы бабын таба алмады. Міне, енді «Қайратқа» қажет болмай қалып, басқа командаға ауысып барады.