Футболдан әлем біріншілігіне іріктеу аясында Фарер аралдарымен кездескен Қазақстан құрамасы жеңіске жете алмады.

Мирослав Беранек командасы ойынды сылбыр бастап басымдықты беріп қойды. Мұны сезген алаң қожайындары еркін қиымылдап мүмкіндіктерін іске асыруға тырысты. Есеп 40-шы минутта ашылды. Арал ойыншылары қақпамыздың алдында әдемі комбинация ұйымдастырып ақырғы пас Хоанссонға жетті. 20 метр жерден шірене тепкен шабуылшының соққысын қайтаруға Сидельников қауқарсыз еді.

Екінші таймда жерлестеріміз ес жиғандай. 55-і минутта Андрей Финонченко таразы басын теңестірді - 1:1. 

Қос ұжымның де бірнеше тамаша мұмкіндіктері болған артынша. Фарер аралдарына сәттілік жетіспесе, біздің жігіттер жігерсіздіктің кесірінен есепті арттыра алмады.

Ойын ақыры тең аяқталып қос команда тең нәтижемен тарқасты.Футбол. Әлем біріншілігіне іріктеу кезеңі. С тобы.Фарер аралдары - Қазақстан - 1:1 (1:0).