Қазақстан Суперкубогы үшін өткен ойында «Астана» командасы өз алаңында «Қайратты» 3:0 есебімен жеңген болатын.

Осы кездесуде алғашқы голды жартылай қорғаушы Иван Маевский соққан еді. Беларусь ұлттық құрамасының ойыншысы үшін бұл «Астана» сапында соққан бесінші голы болды.

Иван бұдан бұрынғы төрт голын «Оқжетпес», «Ақжайық», «Қайсар» және польшалық команда «Легияның» қақпасына соққан болатын.

Тағы бір айта кетерлігі, Маевский елордалық клуб үшін барлық турнирлерде 45 кездесуде алаңға шықты.