Бүгін Лос-Анджелесте әйгілі Оскар сыйлығының 90-шы табыстау рәсімі болып өтті. Салтанатты кеште «Үздік қысқаметражды анимациялық фильм» жүлдесі – «Сүйікті баскетбол» фильміне табысталды.Осылайша, аталған анимациялық фильмнің продюсері атақты баскетболшы Коби Брайант «Оскар» жүлдесінің иегері атанды.

Коби баскетболшылық мансабында тек бір команданың ғана намысын қорғаған. «Лос-Анджелес Лейкерс» сапында 1996-2016 жылдар аралығында 20 жыл өнер көрсеткен болатын.