Астанада Қазақстан футбол федерациясының Төрелік ету және қадағалау департаментінің ұйымдастыруымен инспекторларға арналған семинар өтті, деп хабарлайды футбол федерациясының ресми сайты.

Семинарға қатысушылар Ойын ережесі бойынша бейне-сынақтан өтіп, теориялық емтихан тапсырды.

Қазақстан футбол федерациясының Бас хатшысы Азамат Айтқожин, Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасының Президенті Олжас Абраев, Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасының Атқарушы директоры Александр Кеплин семинарда сөз сөйлеп, қатысушыларға жаңа маусымда сәттілік тіледі.

Семинарға қатысушылар Ойын ережесі бойынша бейне-сынақтан өтіп, теориялық емтихан тапсырды. Төрелік ету және қадағалау департаментінің өкілдері Ойын ережесінің өзгерістері бойынша лекция оқыды. Семинар аяқталғаннан кейін инспекторлар «Астана Арена» стадионына барып, «Астана» мен «Қайрат» арасында өткен Қазақстан Суперкубогын тамашалады.