Ресей Ұлттық хоккей лигасының комиссары Гэри Беттмэн хоккей турнирін жазғы Олимпиадада өткізуді ұсынды. «Хоккей 1920 жылы жазғы Олимпиадада дебют алды. Хоккейшілермен сөйлесіп көру керек, олар келіседі деп ойлаймын. Мен оларды қолдауға дайынмын», - деді Беттман. Естеріңізге сала кетсек, Пхенчхандағы Олимпиадада хоккей турнирінің алтын медальдарын ресейлік хоккейшілер жеңіп алды. Финалда ресейліктер Германия құрамасын 4:3 есебімен ұтты.