Францядағы Сент-Этьене аймағында өмірден ерте озған қазақстандық шабандоз Андрей Кивилевті еске алуға арналған велобәйге өтті, - деп хабарлайды Pro Team Astana сайты.

2003 жылы Париж-Ницца жарысында қайтыс болған Андрей Кивилев кәсіби карьерасын Espoir Cycliste St. Etienne Loire командасында бастады. Оның жақын досы болған, Олимпиада чемапионы Александр Винокуров та дәл осы ECSEL клубында алғашқы қадамдарын жасаған.

Монте-Кивилев таулы жарысы 9,5 шақырымға созылды. Турнир қорытындысы бойынша жергілікті спортшы Жюльен Липон жеңімпаз атанды. Оның уақыты - 17:20.