Ұлыбританияның Бирмингем қаласында өткен жабық кешендегі әлем чемпионатының үшінші күнінде қыздар арасында 4х400 метрлік эстафетадан сайыс өтті.
Әйелдерден жалпы саны 9 команда қатысты. Негізі басында 10 команда болатын. Бірақ Нигерия қыздары шықпады. 9 құрама екі топқа бөлініп жүгірді. Қазақстан қыздарының қарсыластарының арасында АҚШ, Ұлыбритания, Италия болды.
Жерлестеріміз алғашында сәтті бастаған. Светлана Голендова мен Элина Михина жоғары деңгейде жүгіріп өтті. Ал үшінші-төртінші кезеңде Аделина Ахметова мен Любовь Ушакова айтарлықтай қалып қойып, қарсыластарға 8 секундқа ұтылды. Дегенмен бұл төрттік соған қарамастан осы маусымдағы ең үздік нәтижені тіркеді – 3.41.67 минут.
3 наурыз. Бирмингем. Жабық кешендегі әлем чемпионаты.4х400 метрлік эстафета (әйелдер). Іріктеу кезеңі.
1-топ:
1. АҚШ – 3.30,54 мин.
2. Ұлыбритания – 3.32,57 мин.
3. Италия – 3.32,62 мин.
… 4 (9 – sum.). Қзахстан – 3.40,54 мин.
Комментарии