Америкалық боксшы Кертис Стивенс қарсыласы Головкиннің өзінен қорқатынын айтты.

«Меніңше Геннадийдің бапкері оның жаттығуға ғана көңіл бөлуін қалайтын секілді. Өз деңгейінде сақтап қалуға тырысады деп ойлаймын. Геннадийдің маған құрмет көрсетуі оның менен қорыққандығында деп сенемін. Абель (Головкиннің бапкері – автор) түрлі нәрселер айту арқылы балансты бұзуға тырысады. Бұл жақсы да, жаман де емес. Мен Абельдің қателескенін, Геннадийдің дұрыс айтқанын дәлелдеймін», – дейді Стивенс.

Журналистің «Головкин адамдар айтып жүрген монстрға жата ма?» деген сұрағына америкалық боксшы былай деп жауап берді: «Жоқ… Мен келіспеймін! Қарашаның 2-сі күні оны өз орнына қойып тастаймын. Сол күні фейерверк күтіңіздер. Бірінші, әлде он бірінші немесе ортасында болуы мүмкін, бірақ міндетті түрде фейерверк күтіңіздер. Мен жеңемін!»

Қазақстандық Геннадий “GGG” Головкин мен америкалық Кертис Стивенс арасындағы WBA/IBO версиясы бойынша орта салмақта әлем чемпиондығына таласу жекпе-жегі 2 қараша күні Мэдисон Сквер Гарденде өтеді. Стивенс 25 кездесу өткізіп, оның 18-ін нокаутпен жеңген. Головкин 27 жекпе-жектің 24-інде қарсыласын есінен тандырды.