Әлемге әйгілі футболшы Пеленің басы дауға қалды. Оны немерелері сотқа беруде. Балалардың қорғаушысы Клаудио Форсселяның айтуынша Пеле немерелерімен кездесуден бас тартқан, өзі соңғы рет 2011 жылы көріскен екен. Немерелері туған аталарын сотқа беріп, өтемақы талап етіп отыр, деп хабарлады Франс Пресс.

Diario de Sao Paulo  газетінің дерегі бойынша 13 және 15 жастағы Октавио мен Габриэль медициналық сақтандыру мен білім алуларына кеткен 6 мың долларды қайтаруын талап етіпті. Балалардың анасы Сандра Регина 2006 жылы қатерлі ісіктен қайтыс болған.

Төреші балалардың әрқайсысына 760 доллардан ақша төлеу туралы шешім шығарды.