Қазақстан құрамасының бас бапкері Мирослав Беранек, жартылай қорғаушы Нұрбол Жұмасқалиев пен Мақсат Байжанов матч алдында журналистердің сұрағына жауап берді.

Мирослав, құраманы жасақтау барысында қиындықтар туындаған жоқ па?

- Өкінішке қарай, Қайрат Нұрдәулетов жарақатына байланысты ойынға қатыса алмайды. Гейнрих Шмитгаль да бүгін бізге көмектесе алмайды. Щеткін кішкене аурыңқырап тұр, өзге ойншылардың хал-жағдайлары жақсы.

Нұрбол, бұрын сіз мұнда ойнағансыз. Фарер аралдарына екінші рет аяқ басқанда қандай күй кештіңіз?

- Бұл жайт мені расында да қуандырды. Жанкүйерлер үшін қызықты ойын болайын деп тұр. Өткен жолғыдан мұнда аса ештеңе өзгере қоймапты.

- Мақсат, Ұлттық құрамаға шақырту алғанда қуанышпен келесіз бе?

- «Шахтерліктер» әрдайым көтеріңкі көңіл күймен ойнайды. Командаға көмектесуге тырысамыз.

Мақсат, бізге тек жеңіс керек екенін түсінесіз ғой?

- Әрине, қалайда 3 ұпай алып кетуге тырысамыз.

Мирослав, Нұрдәулетовтың орнына кім капитан болады?

- Нұрбол.

Мирослав, қалай ойлайсыз, мұнда жеңіске жете аламыз ба?

- Қарсыласымыз аяқтан шалып, ұпай тартып алуға тырысады дегенмен біз де бар жанымызды саламыз.

Мирослав, бүгін Нұрдәулетовтың орнына кім шығады?

- Марк Гурман, Энгель немесе Елдос Ахметовты шағаруға болады. Бұл сұрақтың да шешімін табармын.

Мирослав, Хижниченко, Финонченко мен Мокин шаршап-шалдығып тұрған жоқ па?

- Түрлерінен байқалмайды. Олар бейсенбі күні ойнаған. Сондықтан қалыпқа келу үшін біртайлай уақыттары болды.