Қазақстанда жаңа футбол маусымы ашылды. Өткен жылы ел біріншілігін жеңген «Астана» мен кубок иегері «Қайрат» елордада Суперкубокты сарапқа салды, деп хабарлайды prosports.kz сайты.Қос команда бірінші таймда қарсылас қақпасын дәл көздей алмады. Ал екінші тайм бастала сала астаналықтар бар өнерін көрсетті. Сегіз минуттың ішінде үш гол соғып, кездесу тағдырын мерзімінен бұрын шешіп тастағандай болды. Ойынның 59-шы минутында Иван Маевский есеп ашса, араға үш минуттан уақыт салып Марин Томасов қос гол соқты.

Ал өткен маусымда «Астанаға» тізесін әбден батырған алматылықтар бүгін көңіл жұбату үшін бір гол да соға алмады.Осылайша, Еуропа лигасының 1/16 финалында Португалияның «Спортинг» командасымен күш сынасқан елордалықтар Қазақстанның шын мықтысы кім екенін көрсеткендей болды.

Қазақстан Суперкубогы

«Астана» - «Қайрат» 3:0 (0:0)

Голдан: Иван Маевский 59, Марин Томасов 62, 67