Желіде Геннaдий Головкиннің жанкүйерінің жан ұшыра қолтаңба қоюын сұрған видеосы тарап кетті. Бейнежазба Головкин мен Альварестің баспасөз конференциясынан түсірілген.

“Гена өтінемін, Гена өтінемін”, деп бар дауысымен айқайлаған жанкүйер қыздардың бірі босшыдан Қазақстанның туына қолтаңба қойып беруін сұрады.

Головкин болса, «Қыздар, туға болмайды, болмайды», – деп жауап қайтарды.