Халықаралық футбол федерациясы (FIFA) 2018 жылғы Әлем чемпионатында бейнеқайталау техникасының (VAR) көмегін пайдалануды мақұлдады.

Бұл шешім Цюрих қаласында өткен халықаралық футбол қауымдастығы Кеңесінің (IFAB) отырысында мақұлдаудан өтті. Енді осы жазда Ресей жерінде өтетін Әлем чемпионатында төрешілер бейнеқайталау жүйесінің көмегін пайдаланатын болады.Бейнеқайталаудың көмегін бүгінде ірі чемпионаттардан Германия Бундеслигасы мен Италия А сериясы пайдаланып отыр.

Бұдан бөлек өткен жылы клубтар арасындағы әлем чемпионатында да бұл жүйе пайдаланылған болатын. Санаққа негізделгенде өткен екі жылда 1000-нан аса кездесуде бейнеқайталау жүйесі қолданылған екен.