Жастар арасындағы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңі аясында ұлттык құрамамыз Беларусьтен жеңіліс тапты.

Алматы қаласындағы «Орталық стадионда» өрбіген матчта ұлттық құрамамыз қайтсе де жеңіске жету мақсатымен алаңға шыққан еді. Алайда бәрі ойдағыдай болмады. Кездесудің 15-ші минутында-ақ Беларусь құрамасы гол соғып үлгерді. Савицки бірінші болып есепті ашты. Артынша гол жіберіп алған біздің жігіттер карымта кайтаруға ұмтылды. Шабуылдардын бірінде Исламхан қақпашымен бірге-бір шығып "Мессидің стилінде" допты әдемілеп асырып жіберді. Дегенмен, қуанышымыз көпке созылмады, екі минуттан кейін Максим Володько қақпа алдындағы қарбалас сәтте баспен жойқын соққы жасап командасын қайта алға шығарды.

Үзілістен кейін біздің жігіттер есепті теңестіруге асықты. Он минут ішінде допқа иелік етіп, қарсыластарын әбігерге салған ойыншыларымыз оңтайлы мүмкіндіктерін жүзеге асыра алмады. Исламхан жанын салғанмен қасында жәрдемдесетін әріптес табылмады. Өткен ойында Белорусь қақпасына гол соққан жас періміз 79-шы минутта жарақат алып алаңнан шығуға мәжбүр болды. Бауыржан алмасқан сон, ойын тіпті жүрмеді. Тыңнан қосылған Нұрыбеков есепті теңестіруге тырысқан. Елордалық «Астана» клубының қорғаушысы Бейсебековтың мардымсыз ойыны жанкүйерлердің қарнын аштырды. Жастар құрамасында алғашқы матчтын өткізген Виталий Ли допты бірінші рет көргендей... Пастары қисық, әріптестерін сезбейді. «Виталик, тамақ жемегенсің бе?» деп требунадан наразылықтарын білдірген жанкүерлерді естіді ма екен, бас бапкер оны екінші таймның орта тұсында алмастырды. Жалпы деңгей бойынша салыстырсақ Белорусьтің де асып бара жатқан ештеңесі жоқ. Ойыншыларының шеберлігі біздікіндей-ақ. Дегенмен олардың әрбір микро эпизодтардағы құлшынысы, жеңіске деген құштарлығы жанарларынан байқалғандай. Ал біздің ойыншылар допты қалай болса солай қабылдап, командаластарына пасты жауға бергендей етіп ыңғайсыз береді. Өзара доп алмасу 4-5 пастан аспайды. Бір сөзбен, ойыншылар арасында түсіністік, ынтымақ жоқ. Ал бірлік жоқ жерде ойын болмайды.  Қонақтар қалған уақытта сенімді ойнап, керекті нәтижеге қол жеткізді. Қорытынды есеп 1-2. .

U-21 Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі

Қазақстан (U-21)-Беларусь (U-21) – 1:2 (1:2)

Казақстан (U-21): С. Покатилов, С. Сариев (Пасичник 76), Сартақов, Қуат, Калинин, Улшин, Исламхан (Аяғанов 79), Бейсебеков, Пикалкин, Левин, Ли (Нұрыбеков 69)

Беларусь (U-21): Василючек, Анюкевич, Василевский, Сазонович, Быков, Володько, Премудров, Савицкий(Ковалевский 90+), Селява, Шрамченко (Ковалев 63),Сарока (Сихневич 49)

Голдар: Исламхан 32 – Савицкий 13, Володько 35

Төрешілер: Лаша Силагава, Заза Ментешашвили, Давид Харитонашвили (барлығы – Грузия)

Ескерту алғандар: Исламхан 70, Сариев 73, Аяғанов 84 - Премудров 31, Шрамченко 52

10 қазан. Алматы. Орталық стадион.