Жаңа маусымға дайындығын пысықтап жатқан «Тараз» украиналық «Авангард» командасымен жолдастық кездесу өткізіп жеңіске жетті. Кездесудегі есеп — 3:1.

«Тараз» командасы қатарынан Абденаби, Сабыров және Тұрсынбай гол соқты.

Тараздық команда былтырғы чемпионат қортындысында премьер лигадан түсіп қалған болатын. Биыл олар бірінші лигада ойнайды.