Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Азамат Айтхожин Ұлттық құрамаға «Астана» командасының қақпашысы Ненад Эрич пен қорғаушысы Евгений Постниковті шақыртуы мүмкін екенін айтты, деп жазады prosports.kz сайты.

— Ненад Эричтің Қазақстан құрамасы сапында ресми ойынға қатысуы жайлы оның федерациясымен келіссөз жүргізіп жатырмыз. Келіссөздер әлі жүріп жатыр. Сондай-ақ Ресей федерациясымен Евгений Постников туралы сөйлесіп жатырмыз. УЕФА-дан жауап алғаннан соң, Станимир Стойловқа бұл ойыншыларды шақыртуына болатынын хабарлаймыз, — деді Азамат Айтхожин.

Айта кетейік, күні Қазақстан ұлттық құрамасының тізгінін «Астана» клубының бас бапкері Станимир Стоилов ұстады.