«Милан» футбол клубы мен «Adidas» компаниясы демеушілік туралы келісімшарты 2023-ші жылға дейін созды, деп хабарлайды миландық клубтың ресми сайты.  
 
Бұрынғы келісімшарт  2016/17 жылға дейін жоспарланған. Айта кетер жайт, «Милан» ойыншылары Адидас жейдесінде 1998-ші жылдан бері ойнап жүр.
 
Қызығы сол, «Миланның» басты қарсыласы «Интер» командасы жақында ғана «Adidas»-тың «жауы» «Nike» компаниясымен келісішартты 2023-ші жылға дейін ұзартқан.