Футболдан Литва чемпионатының «Дайнава» мен «Банга» кездесуінде қызық оқиға орын алды.
 
«Дайнава» командасының қорғаушылары Титас Витукунас пен Дейвидас Палаигис кездесу барысында қарсылас командасанының шабуылын тоқтатудың орнына бір-бірімен төбелесе бастады. Бұны байқаған төреші екі ойыншыны да алаңнан қуып жіберді.