Осыдан бірнеше күн бұрын айтысып қалған қос бапкер бітімге келді. Виктор Пасулько мен Виктор Кумыков бір-бірінен кешірімдерін сұрады. 
 
«Шахтер мен Ордабасының бас бапкерлері Виктор Кумыков пен Виктор Пасулько ҚФФ ресми сайты арқылы 29-шы турда орын алған оқиға үшін бір-бірінен кешірімдерін сұрады. Қос бапкерлер ешқандай жаза қолданылмауын сұрайды», - деп хабарлайды Қазақстан футбол федерациясының ресми сайты.