Ақпанның ортасында Қазақстандағы кәсіпқой боксшылардың бірі Жанат Жақиянов мансабын аяқтайтынын хабарлаған болатын. Мұндай шешімге не түрткі болғаны әлі белгісіз. Double Z Prosports.kz-ке берген сұқбатында рингпен қалай қоштасқанын, әлемдік деңгейдегі табысқа қалай жеткенін айтып, жоспарларымен бөлісті.

- Жанат, мансабыңызды аяқтауыңызға не себеп болды?

- Бұл жолы бірнеше себебім бар, қазір оларды айтқым келмейді... мүмкін, болашақта айтармын. Бұл жерде жарақаттың қатысы жоқ. Денсаулығым, Құдайға шүкір, жақсы.

- Сіздің бас бапкерінің Рикки Хаттон бұл шешімге қалай қарады?

- Біз ашық сөйлестік. Мансабымды аяқтаймын деп шешкен соң, бұл туралы өз командаммен ақылдастым. Бірінші кезекте, өзімнің менеджерім Филипп Фондю және бапкерім Рикки Хаттонмен сөйлестім. Оларға жағдайды түсіндірдім. Екеуі де маған қолдау көрсетті.

- Енді немен айналысасыз?

- Бапкерлік мансабымды жалғастырамын. Боксшы болып жүргенімде өзімнің туған қалам Петропавлда балаларға бокс тәлімін беретінмін. Қазір соны жалғастырамын. Тым алға көз жүгірткім келмейді – уақыт көрсетер. Қайда асығамын? Қазір бәрі көңілімнен шығады. Бокс менде қалады, мен бокста қаламын – маңыздысы осы.

- Мансабыңызды неге қазір аяқтамақ болдыңыз? Мүмкін үлкен жекпе-жекте жеңіске жеткен соң аяқтау керек пе еді?

- Бұл туралы ойламаппын. Білмеймін... нақты жауап бере алмаймын. Мансабымды аяқтауға себептерім болды. Мұның әдемі боларын ойлаған жоқпын.

- Сіз әлемнің барлық құрлығында жұдырықтасып шықтыңыз деуге болады. Қай жерде жұдырықтасу қиындау болды?

- Бұған көңіл аудармаппын, барған жерімде жұдырықтаса бердім. Кез келген елде бейімделуім үшін үш күн жеткілікті.

- Сіздің егіз бауырыңыз – әуесқой бокстағы білікті төреші. Оның ізімен жүргіңіз келмей ме?

- Жоқ. Төрешілік қызметпен айналысқым келмейді. Шынымды айтсам, бұл туралы ойламаппын. Бірақ бұл өмірде не боларын тек Аллах біледі ғой.

- Дінге қалай қарайсыз? Ырымдарға сенесіз бе?

- Аллах бар, менің ата-бабам секілді Құдайға сенемін. Егер уақытым және мүмкіндігім болса, мешітке барып тұрамын. Ал ырымдарға сенбеймін.

- Жанат, сіз кәсіпқой бокста әлем чемпионы атанған төртінші қазақстандықсыз...

- Енді-енді жұдырықтаса бастаған кезімде «әлем чемпионы болу қалай екен?» деп ойлайтынмын. Қашан да әлем чемпионы болғым келетін.

- Сіз солардың ішінде Олимпиадаға бармаған жалғыз боксшысыз. Жалпы, сіз әуесқойда тәжірибе жинамай-ақ, кәсіпқой бокста әлем чемпионы болдыңыз. Бұл жетістігіңізді немен байланыстырасыз?

- Рас, әуесқой бокста Олимпиадаға да, әлем чемпионатына да қатысқан жоқпын. Тіпті, Қазақстан құрамасына да енбедім. Бірақ мен көптеген халықаралық турнирлерде жұдырықтастым. Бұл да тәжірибе. Мен әуесқойда 100-ден астам жекпе-жек өткіздім. Кәсіпқой боксқа ауыспас бұрын әлемдік деңгейде жұдырықтаспасам да, әуесқой бокстағы тәжірибем жақсы деп ойлаймын.

- Кәсіпқой боксқа қалай ауыстыңыз?

- Бапкерім Лебедев осыны қалады. Ол өзінің досы Марат Шалабаевқа хабарласты. Шалабаев Алматыда кәсіпқой боксшыларды жаттықтырып жүрген. «Менің бір жігітіме көмектесші, өзін сынап көрсін». Ол Ерік Жайлауовпен сөйлесіп, маған жекпе-жектер ұйымдастыра бастады. Ақырындап кездесулер өткізіп, ақша таба бастадым. Ақыры, әлем чемпионы атағына дейін жеттім.

- Кәсіпқой бокстағы ең аз сыйақыңыз қандай болды?

- Ол кезде қазақстандық бокста жоғары рейтингіде болмадым, кәсіпқой мансабымды енді бастап жатқан кезім, сонда да көп ақшалар күтіп жүрдім. Басында жекпе-жек үшін үш жүз доллардай алдым.

- Сіз Қанат Исламмен жақын доссыз. Оған чемпиондық белбеу алу үшін не істеу керек?

- Бәрінің өз уақыты бар. Биыл сондай мүмкіндік туып қалатын шығар. Бәрі бірден болмайды. Ол ақырындап рейтингісін көтеріп келеді. Аз ғана қалды. Жақын арада ұзақ күткен жекпе-жек өтеді. Мен оны қолдаймын. Шыдай тұру керек. Бір-екі жекпе-жектен соң Қанат чемпиондық белбеу үшін жұдырықтасады деп ойлаймын.

- Қазақстандағы кәсіпқой боксшылардан өз үздігіңізді жасаңызшы.

- Сөзсіз, Головкин, Шүменов және Ислам.

- Бокстағы мансабыңызға көңіліңіз тола ма?

- Иә. Еуропаны жеңдім. Бұл менің арманым болатын. Әлемде де үздік атандым. Солтүстік Қазақстандағы Бөркі ауылында облыс чемпионы атанғаным бар. Білесіз бе? (күліп). Қаражат та жинай алдым.

- Мансабыңызда жеткілікті ақша жинадыңыз ба?

- Жетеді. Маған жетеді.

- Жанат, ашық әңгімеңіз үшін рақмет. Сізге сәттілік тілеймін.

- Сізге де рақмет.