Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында күрес түрлерінен Азия чемпионаты өтіп жатыр.Грек-рим күресінен Демеу Жадыраев (72 келі) финалда өнер көрсетті. Отандасымыз ақтық сында жергілікті балуан Ақжол Махмұтовпен белдесті. Демеу кездесуді белсенді бастап, бірден 4 ұпай алған еді. Алайда, қарсыласының оңтайлы әдісіне түсіп қалып, есепте артта қалып қойды. Осыдан кейін де екеуі ұпай еншілегенімен, қырғыз балуаны біздің жігітке жеңісті бере қоймады. Есеп, 6:8

Сөйтіп, Демеу Жадыраев Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды.